«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

Е. Биртанов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 10 сәуірдегі

№ ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.